Ссылки доступа

Былтыр әлем бойынша 99 журналист қаза тапқан


Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) жыл сайынғы баяндамасын жариялап, былтыр әлем бойынша 99 журналист қаза тапқан деп мәлімдеді.

Бұл 2015 жылдан бергі ең көп көрсеткіш. Ал 2022 жылмен салыстырғанда 44% көп.

CPJ журналистер азаматтық тұлға екенін, оларға шабуыл жасау әскери қылмыс екенін еске салады. Бұл ұйым 1992 жылдан бері кәсіби қызметі барысында қаза тапқан журналистер жайында мәліметті тіркеп, жариялап келеді.

Әдетте журналистер көбінде үш жағдайда қайтыс болады: кәсіби жұмысы үшін кек алады, соғыс аймағында хабар таратып жүріп оққа ұшады және өте қауіпті тапсырманы орындау барысында көз жұмады.

"Анықталмаған" өлім дегеніміз – медиа қызметкерінің өлімі жазйында нақты мәлімет жоқ. CPJ журналистердің өлімі жайлы тың материал анықталғанда, оны ашып жариялауға тырысады.

Былтыр журналистердің дені Газа секторында Израиль әскері мен ХАМАС тобы арасындағы жанжал кезінде қаза тапқан. Онда 72 журналист өлім құшты.

2023 жылғы мәлімет бойынша, кәсіби қызметі үшін 320 журналист түрмеде отыр. Олардың ішінде Қытайда 44, Мьянмеде 43 және Беларусьта 28 журналист абақтыда отыр.

XS
SM
MD
LG