Ссылки доступа

Ташкентте алты жастағы балаға жыныстық озбырлық жасаған жігіт 16 жылға сотталды


15 ақпанда Ташкенттің Чиланзар аудандық соты 2017 жылы туған балаға жыныстық озбырлық жасаған ер азаматты 16 жылға соттады. Сот жабық өтті.

Сотталушы жазасын тәртібі қатаң колонияда өтейді.

Өзбекстанда балалар омбудсмені баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа тәртіпке сәйкес осы санатта қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға ешқандай жеңілдік қарастырылмаған, олар жазасын толық өтеуі тиіс.

XS
SM
MD
LG