Ссылки доступа

Қырғызстанның оңтүстігінде Матраимовтың 26 нысаны бұғатталды


Қырғызстанда Ош облысының Қара-Сууй ауданында қырғыз арнайы қызметі іздестіріп жатқан Райымбек Матраимовтың 26 нысаны бұғатталды.

Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне аудандық тіркеу қызметі басшысының орынбасары Мұхамедәли Мамашев хабарлады.

Оның айтуынша, бұғатталған мүліктер арасында «Исмаил ата» мешіті мен шайханасы, үйлер мен мемлекеттен алынған жерлер бар.

Матриамовтың өзі қазір қайда жүргені белгісіз. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті оған іздеу жариялаған.

Бұның алдында арнайы қызмет Матраимовтың мемлекет меншігіне өткен мүліктер тізімін жариялаған. Онда Ош пен Бішкекте орналасқан бірнеше ірі нысан бар.

Кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовты қылмыстық қудалау қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Көлбаев өлтірілген соң басталған. Арнайы қызмет 2023 жылғы қазанда арнайы операция кезінде Көлбаевты өлтірген.

Райымбек Матраимов есімі сыбайлас жемқорлыққа қатысты журналистік зерттеулерде аталған. 2020 жылғы қазанда оған жемқорлық айыбы тағылған. Ол сотта айыбын мойындап, 260 мың сом айыппұл төлеген. Сотқа дейін Матраимов мемлекет бюджетіне 2 млрд сом аударған.

XS
SM
MD
LG