Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан: шекараның тағы 1,11 шақырымы бойынша келісімге келді


Қырғызстан мен Тәжікстан шекара сызығының тағы 1,11 шақырымы бойынша келісімге келді. Бұл жөнінде 18 ақпанда Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

11-18 ақпан аралығында Тәжікстанның Бустон қаласында екі елдің үкіметінің шекара мәселесі бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуі өтті. Нәтижесінде тағы 1,11 шақырым бойынша келісімге келді.

Қалған жерлер бойынша енді таяуда Қырғызстанда өтетін кездесу кезінде талқыланады.

Соңғы айларда Қырғызстан мен Тәжікстан шекараны бекітуге қатысты белсенді жұмысты бастаған. Қырғызстан президенті шекара мәселесі жазға қарай толық аяқталып, келісілуі тиіс деп мәлімдеген.

Екі ел арасындағы шекара қашықтығы 972 шақырым. 2022 жылы 664 шақырым бойынша келісімге келген. Бекітілмеген жерлер шекара маңында тұратын тұрғындар арасындағы дауға себеп болып келеді.

XS
SM
MD
LG