Ссылки доступа

Тәшиев Қырғыз футбол одағының президенті болып сайланды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің президенті Қамшыбек Тәшиев Қырғыз футбол одағының президенті болып сайланды. 19 ақпанда футбол одағының кезектен тыс конгресінде осындай шешім қабылданды.

Тәшиев осы қызметке ұсынылған жалғыз үміткер, делегаттар оған бірауыздан дауыс берді. Тәшиевті футбол одағының президенті қызметіне «Талант» футбол клубы ұсынды.

«Футбол ұйымының президенті ретіндегі басты міндетім – біздің жұмысымыз үшін барлық жағдайды жасау» деп мәлімдеді Тәшиев.

Ол Бішкекте екі жыл ішінде жаңа стадион тұрғызуды көздеп отыр. «Құрылыс 10-15 күннен кейін басталады. 40 мың адамдық стадион екі жылда бой көтереді» дейді ол.

Тәшиевтің футбол одағы президенті қызметінің мерзімі 2026 жылы сәуірде аяқталады. Тәшиев тағы екі мемлекеттік қызмет атқарып жүр. Ол 2020 жылы ҰҚМК-ні басқарса, 2021 жылы үкімет басшысының орынбасары болған.

Тәшиевке футбол одағын басқаруды президент Садыр Жапаров ұсынған. Мемлекет басшысының пікірінше, одақ басында қатал адам тұрмаса, футболдан нәтиже шықпайды.

XS
SM
MD
LG