Ссылки доступа

Тәжікстанда 14 мыңнан астам ата-ана балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін сотта жауап берді


2023 жылы балаларын дұрыс тәрбиелемеген  ата-аналардың 14 126 әкімшілік ісі сотқа түскен.

Бұл туралы Тәжікстан ІІМ «Ховар» ақпарат агенттігіне хабарлады. Мұндай әкімшілік іс 2022 жылға қарағанда бір мыңға артқан. «Бір жылда жасөспірімдер 555 қылмыс жасаған» деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

«Ата-аналардың бала тәрбиесіне жауаптылығы туралы» заңға сәйкес, ата-аналар кәмелет жасқа толмаған балалардың мектепке баруын, ойын-сауық мекемелеріне кірмеуін, түнде көшеде жүрмеуін қадағалауы тиіс.

XS
SM
MD
LG