«Эзгулик» қоғамының төрағасы Әбдурахман Ташанов олардың түрмеге емес, қоныс колониясына түскенін «қоғамды алдау» деп сипаттады.
«Басқаша айтсақ, педофилдерді түрмеге отырғызбайды, қоныс колониясына жібереді. Оның үстіне, үкімнен олардың сотқа дейін үйде отырған мерзімі шегерілген. Біздің судьялар сондай қу, қоғамға «педофилдер үш жыл түрмеде отырады» деп айтады, бірақ олар қоныс колониясында екі жылдан көп тұрмайды» дейді Ташанов.
Ташкент қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, әділет министрлігінің бұрынғы қызметкерлері түрмеде емес, колонияда жазасын өтейді, себебі олар «қоғамға аса қауіпті емес» қылмыс жасаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы шенеуніктер балалар үйіндегі үш қызды кем дегенде он ай бойы зорлап келген. Қоғам ол туралы Nemolchi.uz жобасының былтыр наурызда жарық көрген материалынан білген.