Ссылки доступа

Қырғызстанда әскери бөлімнің командирі мен тағы үш адам ұсталды


Қырғызстанның бас прокуратурасы Қаракөл қаласындағы №2028 әскери бөлімінде жұмыс істеген кіші сержант Жұлдыз Асанакунованың шағымынан кейін, әскери бөлімнің командирі (А.Б.), оның орынбасары (Б.К.), прапорщик (К.К.) және жеке кәсіпкер (Т.Е.) ұсталғанын мәлімдеді.

Оларға "қызмет бабын асыра пайдалану", "қызметтік жасандылық", "сеніп берілген мүлікті талан-таражға салу" және "денсаулыққа ауыр емес зиян келтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жұлдыз Асанакунова №2028 әскери бөлімінде жауынгерлерді ұрып-соғу барын, азық-түліктің сапасының төмендігі туралы шағымданып, мемлекет басшысына қайрылған.

Ол соңғы 10 жылдан бері аталған мекемеде фельдшер болып істеп келе жатқанын, теріс көріністер жайында осыған дейін де басшылыққа айтып келгенін, бірақ оған мән берілмегенін жеткізген.

XS
SM
MD
LG