Ссылки доступа

Тәжікстанда пара алды деп айыпталған судьяға үкім шықты


Тәжікстанның Соғды облысы Жабборрасулов ауданының бұрынғы судьясы Нусратулло Садриддинзода пара алды деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2023 жылдың жазында ұсталған.

"Нусратулло Садриддинзода Жоғарғы соттың шешімімен Қылмыстық кодекстің 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір нақты есімде жоқ, бірақ 3000 доллар пара алғаны үшін деп ойлаймын", - деген Соғды облыстық сотының төраға орынбасары Журабек Шерзода.

Осыған дейін Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Садриддинзода 23 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді деп мәлімдеген. Судья кәсіпкерлердің берген куәсі бойынша ұсталған.

Ақпаратқа қарағанда, кәсіпкерлер контрабандалық тауарларды алып өтті және жалған ақша шығарды деп айыпталып жатыр. Олардың айтуынша, судья жаза мерзімін қысқартуға уәде беріп, ақша сұраған.

XS
SM
MD
LG