Ссылки доступа

Өзбекстан фармагенттігінің бұрынғы басшысы "Док-1 Макс" ісі бойынша өзін ақтауды сұрады


19 ақпанда жөтелге қарсы "Док-1 Макс" сиробына уланған балалардың ісі бойынша өткен сот отырысында Өзбекстанның Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры Сардор Кариев мәлімдеме жасады.

"Мен жарыссөзде қорғаушыларым келтірген барлық аргументтер мен дәлелдерге келісемін. Маған тағылған айыптардың ешбірі бойынша кінәм жоқ деп есептеймін", - деді ол.

Сардор Кариев соттан өзін ақтауды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы соттан оған 18 жыл, бұдан бөлек қайтыс болған балалардың отбасына 100 миллион сумнан өтемақы төлеуді сұраған.

5 қаңтарда Ташкент қалалық сотында 18 бала зардап шегіп, дәріден уланып қайтыс болғандардың саны 69-ға жеткені айтылды.

Бұл оқиғаға қатысты жалпы 23 адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG