Ссылки доступа

Садыр Жапаров Ыстықкөл тұрғындарынан уран өндіруге рұқсат сұрады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 19 ақпанда Балықшы қаласында Ыстықкөл облысы Тон ауданының және Нарын облысы Қошқар ауданының тұрғындарымен кездесіп, Қызыл-Омпол кенін өндіру туралы жоспарын айтты.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұрғындар өзекті мәлімет алды. Олардың сауалдарына мемлекет басшысы мен сарапшылар жауап берді» деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Қызыл-Омпол уран кені Ыстықкөл облысы Тон ауданында орналасқан. Ресми мәлімет бойынша, бұл кен 1951 жылы ашылған. Ашық мәліметтерге қарағанда, мамандар мұнда 13 мың тонна уран қоры жатқанын анықтаған.

Қызыл-Омпол кенін өндіру мәселесі 2019 жылғы сәуірде талқыланған. Сол кезде Ыстықкөл облысы мен Бішкекте кен өндіруге қарсы акциялар өткен. Содан кейін сол кездегі президент Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан аумағында уран өндіруге тыйым салатын заңға қол қойған.

XS
SM
MD
LG