Ссылки доступа

БҰҰ тәжік әйелдері үшін 150 қызметке салынған тыйымды алып тастауға шақырды (видео)


БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бойынша комитеті Тәжікстанда қыз-келіншектерге жұмыс істеуге тыйым салынған кәсіп тізімін жариялауына байланысты алаңдаушылығын білдірді.

БҰҰ сарапшылары заң арқылы әйелдерге 150 кәсіп бойынша жұмыс істеуге тыйым салу, бұл гендерлік ескі көзқарастың белгісі деп атап өткен. Олар Тәжікстан билігін елдің Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізіп, аталған тыйымды алып тастауға шақырады.

2023 жылдың соңында Тәжікстанда әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салынған 334 кәсіп санын 194-ке дейін қысқартқан.

Жаңа тізімге сәйкес, тәжік әйелдері шахтада, бұрғылау жұмыстарында істей алмайды. Бұдан бөлек, оларға сантехник, электрик секілді мамандықты игеруіне болмайды.

БҰҰ-ның БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою бойынша комитеті Ауғанстандағы әйелдер мәселесіне қатысты да баяндама жасады. Онда Тәжікстанда ауған ерлерін ұстап және оларды депортациялау арқылы ауған әйелдерін де еліне оралуға мәжбүрлейді делінген.

Комитет Тәжікстан билігін босқын әйелдерді қорғауға, оларға жағдай жасауға шақырды.

Қазір Тәжікстан аумағында жүздеген ауған әйелі босқын мәртебесін сұрап келеді. Олардың көбі Батыс елдеріне өтіп кетуді мақсат тұтады.

XS
SM
MD
LG