Ссылки доступа

Цифрлық даму министрлігі "таралып кеткен мәліметтерді" тексеретінін жеткізді


20 ақпанда Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өндірісі министрлігі арнайы қызметпен бірлесіп мәліметтердің таралып кету фактісін тексеруді бастағанын мәлімдеді.

Бұл жөнінде министрліктің Digital Ministry telegram-каналында жарияланды.

"Талдау қорытындысы бойынша тиісті ұйымдарға ақпараттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Министрлік бұл жөнінде жан-жақты мәлімет бермеді және ұйымдардың атын атамады.

Мекеме сонымен бірге қазақстандықтарды қауіпсіз әрі жеңіл құпия сөздерді қолданудан бас тартып, белгісіз сілтемелерді ашудан аулақ болуға шақырды.

Бірқатар IT-технология және компьютерлік қауіпсіздікке арналған батыс сайттарында қазір GitHub порталындағы анонимді мәліметтер жайлы жазып жатыр. Әзірге бұл ақпараттар ресми түрде расталмады.

Бұл хабарламаға сәйкес, қытай тіліндегі құжаттарда шпиондық бағдарламалар жайында айтылған.

Онда бірқатар қазақстандық байланыс операторларының да құпия мәліметтері бар. Ол тізімде Қытаймен іргелес елдердің мемлекеттік мекемедеріне қатысты да ақпараттар бары айтылған.

XS
SM
MD
LG