“Кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық үйлесімділікті сақтау қиындықтардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде оңтүстік, батыс өңірлер мен мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп жатыр. Солтүстік облыстарда керісінше төмендеу үрдісі байқалады. Осыған байланысты оңтүстіктен солтүстікке ерікті қоныс аудару бағдарламасы күткен нәтиже бермегенін мойындаған жөн” деді Әшімбаев.
Ол сенатта қаралып жатқан көші-қон туралы жаңа заң жұмыс күшінің мобильділігін арттыратын жаңа мүмкіндіктер ашуға тиіс екенін айтты.
Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы солтүстікке тоғызғы мыңға жуық адам, ал 2022 жылы сегіз мыңға жуық адам көшкен.