Ол Қырғызстан парламенті «шетел өкілдері туралы» заң жобасын талқылап жатқанын, Теміров LIVE жобасының 11 журналисі ұсталғанын атап өтті.
Бұның алдында Human Rights Watch Жогорку Кеңешті «шетел өкілдері туралы» заң жобасын қабылдамауға шақырған. Парламент құжатты бірінші оқылымда қабылдап үлгерген, ал 20 ақпанда парламенттің заңнама жөніндегі комитеті заң жобасынан қылмыстық жауапкершілік туралы ережені алып тастаған. Алайда заң жобасының қалған баптары өзгеріссіз қалған.
Халықаралық ұйым Теміров LIVE жобасының 11 тәуелсіз журналисінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды да талап еткен.
Қазір журналистердің бәрі Бішкектегі тергеу абақтысында отыр. ІІМ оларға жаппай тәртіпсіздікке үндеді деген айып тағылған.