Жақында Тәжікстан президентіне қарасты Стратегиялық зерттеулер орталығының мамандары «банк несиелері мен қызметтеріне халықтың басым бөлігі мен кәсіпкерлердің қолы жетпейді» деп мәлімдеген.
Ұлттық банк басшысы Фирдавс Талибзода өткен аптада баспасөз конференциясын өткізіп, несиелер жөніндегі орташа пайыздық үстеме 23% екенін, қаржы мекемесі оны түсіруге тырысып жатқанын айтты.
Ол 2017 немесе 2018 жылдары несие үстемесінің 28 пайыз болғанын, 2023 жылға қарай түскенін атап өтті.
«Банктердің өздерінің шығындары да бар. Қаражат шетелден келетіндіктен шығын шығады. Валюта тұрақсыздығы қаупі де бар» дейді Фирдавс Талибзода.
Тәжікстанда несие үстемесінің тым жоғары екеніне әсіресе кәсіпкерлер наразы.