Дереккөздің айтуынша, әкімшілік айып қайта қаралып, блогер бостандыққа шыққан.
Өзбекстанда даулы мәлімдемелерімен танылған блогер Аброр Әбдуәзімов төрт адаммен бірге ұсталып, 6 ақпанда олар сот үкімімен 15 тәулікке қамалған.
Блогер мен оның жақтастары «ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамады» деп айыпталған.
2023 жылғы ақпанда Аброр Әбдуәзімовке жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салынған.
Блогердің YouTube-дегі арнасы 700 мың адам, ал Instagram-дағы парағына шамамен 1 млн адам, Telegram-дағы арнасына 100 мыңға жуық адам жазылған.