Олар Стамбұл халықаралық әуежайында ұсталып, кері қайтарылған. Енбі біразы әлі Стамбұл әуежайында отыр. Бұл жөнінде әзірге ресми пікір жоқ.
21 ақпанда кемінде төрт тәжік азаматы Озоди радиосына Түркия аймағына кіре алмай жатқанын хабарлаған.
"Мен және жанымда бірнеше азамат бар Түркияға ұшып келдік. Бірақ тәжік рейсінен түскен 30 жолаушыны тексеріп, ер азаматтарды бөлек бөлмеге алып кірді. Олар бізге кері ұшып кетесіңдер деп жатыр", - деген жолаушының бірі.
Қаңтар айының соңғында Стамбұлдағы христиан шіркеуіне шабуыл жасалды. Түркия билігі шабуыл жасағандардың тәжік азаматы екенін мәлімдеген.
2018 жылдан бері Тәжікстан мен Түркия арасында 90 күнге дейін визасыз режимге рұқсат етілген.