Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 20 ақпанда болды. Қалың қардан темір конструкциялар құлап түскен. 32 жұмысшы (бәрі Үндістан азаматы) жарақат алып, үшеуі қайтыс болып, 29 әртүрлі дене жарақатын алып ауруханада жатыр.
Зауытты Enter Engineering және ресейлік "Уралмашзавод" компаниясы салып жатыр. Жоба құны 2 миллиард сум (160 мың АҚШ доллары).