Ссылки доступа

Өзбекстан мен Ауғанстан «Хайратон — Мазари-Шариф» темір жолын қалпына келтіруге кірісті


21 ақпанда «Хайратон» станциясында Өзбекстан мен Ауғанстанды жалғастыратын «Хайратон - Мазари Шариф» желісін қалпына келтірудің басталуына қатысты салтанатты жиын өтті. Бұл туралы «Өзбекстан темір жолдары» хабарлады.

Компания жұмыстың алғашқы кезеңін жүзеге асыру үшін 120 жұмысшы жіберген.

Әуелі «Наибабад» станциясына жүк вагондарын жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін жолдың 57 шақырымы жөнделеді.

Өзбекстан мен Ауғанстанның темір жол компанияларының жетекшілері жолды жөндеуге былтыр қарашада келіскен.

Ауған жағының мәліметінше, «Өзбекстан темір жолдары» басшыы Зуфар Нарзуллаев жөндеу жұмыстарын жарты бағасына жасауға уәде берген.

«Өзбекстан темір жолдары» 2010 жылғы қарашада 75 шақырымдық темір жол құрылысы аяқталғанын хабарлаған. Бұл жобаға 129 миллион доллар жұмсалған.

XS
SM
MD
LG