Ссылки доступа

Рахмон Путинге «темірдей жүйке» тіледі


21 ақпанда кешке Қазан қаласында Тәжікстан мен Ресей президенттері кездесті.

Татарстан астанасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Сербия президенттері бас қосып, «Болашақ ойыны» турнирінің ашылу салтанатына қатысқан. Кездесу аясында Владимир Путин мен Эмомали Рахмон сөйлескен.

Ресейлік ақпарат құралдары жүздесу «тура екі минутқа созылғанына» мән берген. Атап айтқанда, ura.news сайты «Путинге Тәжікстан президентімен сөйлесуге екі минут жеткілікті болды» деп жазған.

Ресейдің ресми телеарналары таратқан видеоларға қарағанда, Рахмон Путинге «темірдей жүйке» тілеген. Атап айтқанда, Тәжікстан президенті: «Барлық істе сәттілік, ең бастысы – мықты денсаулық, темірдей жүйке тілеймін. Бәрі жақсы болады, бәрі жақсы болады» деген.

Тәжікстан президенті нақты нені меңзегені белгісіз, алайда Путин жымиып, әріптесіне рақмет айтқан.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі 21 ақпанда кешке «кездесуде екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды» деп қысқа қайырған. Ресми мәліметке қарағанда, екі елдің басшылары 2023 жылғы тауар айналымының көрсеткішіне көңілі толатынын атап өткен.

XS
SM
MD
LG