Ссылки доступа

Ташкент екі күннен бері ауасы ең лас қалалар көшін бастап тұр


22 ақпанда күндізгі сағат 11:30 шамасында Ташкент әлемдегі ең лас қала болып саналды. Осы күні таңертең үшінші орында тұрған.

IQAir порталының мәліметінше, Ташкент ауасының PM2,5 майда дисперсті бөлшектер концентрациясы 99,5 мкг/м3 құраған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қалыптан 19,9 есеге көп.

Ташкенттен кейін ауасы лас қалалар ішінде Үндістанның Дели және Пәкістанның Лахор қаласы тұр.

Бұл күні Астана 9 -орында, Бішкек 19-орында болған.

XS
SM
MD
LG