Ссылки доступа

Тәжікстан "Талибаннан" "Ансорулло" ұйымын жоюды сұраған


Швейцариядағы зерттеу институты Тәжікстан үкіметі мен "Талибан" ұйымы арасында жүріп жатқан құпия келіссөз жайында жариялады.

Швейцарияның ғаламдық проблемалар жөніндегі институты (Swiss Institute for Global Affairs - SIGA) 21 ақпанда Тәжікстан үкіметінің өтініші бойынша "Талибан" "Ансорулло" жамағатымен келіссөз жүргізіп жатыр деп мәлімдеді.

Дереккөздің мәліметінше, бірінші кездесу былтыр 8 қарашада болған. Сол күні "Талибанның" Рахматулло Наджиб бастаған делегациясы Тәжікстанға құпия түрде келіп, келіссөз жүргізіп кеткен.

Тәжікстан тарабы бұл кездесуде "Ансорулло" мүшелерін Душанбеге экстрадициялауды сұраған. Бірақ "Талибан" екі тарапқа кездесу ұйымдастырып береміз деген пікірге тоқтаған.

8 қаңтарда Озоди радиосының дереккөзі Тәжікстан үкіметі мен "Талибан" ұйымы арасында келіссөз болғанын растады.

"Ансорулло" ұйымын Тәжікстанның азаматы Амриддин Табаров құрған. Ол оппозициялық күштің бұрынғы командирі болған. Ол 1997 жылы азаматтық соғыс кезінде бейбіт келісімге келуден бас тартқан. Сол кезде Ауғанстанға кеткен. Сегіз жыл бұрын оның қайтыс болғаны хабарланды.

Осыған дейін Тәжікстан билігі бұл ұйымда кемінде 200-300 адам болуы мүмкін деп мәлімдеген.

SIGA мәліметінше, "Ансорулло" ұйымы Тәжікстанда ислам мемлекет құруды, Ресей әскерін тәжік аумағынан алып кетуді ұсынады. Сонымен бірге түрмелерден "Ансорулло" мүшелерін босатып, ислам медреселерін құруды талап етеді.

XS
SM
MD
LG