Президент Шавкат Мирзияев 21 ақпанда осындай жарлыққа қол қойды.
Көктемнен бастап тұрғындар ауадағы зиянды бөлшектер шамадан тыс көбейіп кеткені туралы мәлімет алып, сақтану шараларына көшуге мүмкіндік алады. Мұндай мәлімет әсіресе жүрек, қан қысымы, тыныс алу жолдары ауруларына шалдыққандар үшін қажет.
Президент жарлығымен елдегі құрылыс алаңдарында шаң-тозаңды ауаға таратуға тосқауыл қойылатын талаптар енгізіледі.
Кейінгі жылдары Ташкент ауасы ең лас қалалардың бірі ретінде жиі аталып жүр.