Ссылки доступа

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратовқа Нөкістегі қантөгіс құрбандарын еске алуға үндегені үшін айып тағылған


 Ақылбек Мұратов
Ақылбек Мұратов

Одан бөлек белсендінің айыпталуына Қошқарбай Төремұратовтың ЕҚЫҰ конференциясында сөйлеген видеосын жариялағаны түрткі болған. Бұл туралы белсендінің әпкесі Фариза Нарбекова "Власть" сайтына хабарлады.

20 ақпанда қамаудағы Ақылбек Мұратовқа адвокаты барған. Инара Масанованы 17 ақпанда өткен сот отырысына қатыстырмады. Сотта Мұратовты 40 күнге Алматыдағы уақытша тергеу изоляторына қамау туралы шешім қабылданған. Сот кезінде Мұратовтың үстінен іс қозғауға не себеп болғаны айтылған.

Қарақалпақ белсендісі Мұратов былтыр Нөкіс оқиғасына 500 күн толуына орай 2023 жылы 13 қарашада еске алу акциясын өткізуді, сол күні жарықты 16 минутқа өшіруді (белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовқа берілген түрме жазасы) сұрап видео жариялаған. Акция туралы видео үшін Мұратовқа Қылмыстық кодекстегі "басылым, желі, интернет арқылы халықты жаппай тәртіпсіздікке шақыру" бабы бойынша айып тағылған.

Белсендінің адвокатына сілтеген Фариза Нарбекованың айтуынша, Мұратов қарақалпақ белсендісі Қошқарбай Төремұратовтың ЕҚЫҰ конференциясында сөйлеген видеосын жариялағаны үшін "БАҚ, интернет я желі арқылы қоғамға қауіп төндіретін материалдарды көрсету, тарату я дайындау" бабы бойынша күдікке ілінген. Белсенді видеоларды YouTube-арнасында жариялаған.

XS
SM
MD
LG