Ссылки доступа

Тәжікстанда жемқорлық туралы даулы кітап авторлары сотталды


Душанбе соты «Өмірімдегі оқиғалар» кітабының авторы Әбдіхалил Холикзодаға үкім шығарды. Автор бұл еңбегінде биліктегі адамдармен жемқорлық байланыстар туралы да жазған.

Осы іс аясында даулы кітапты редакциялаған жазушы Әбдіқодир Рустамға, кітапты басып шығарған баспахана директоры Сухроб Раджабзодаға да айып тағылған.

Азаттықтың Тәжік қызметінің бірнеше дереккөзінің хабарлауынша, автор Әбдіхалил Холикзода 6,5 жылға, жазушы Әбдіқодир Рустам 4,5 жылға, ал баспахана директоры Сухроб Раджабзода бір жылға сотталған.

Тәжікстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі соттың кезекті отырысы 22 ақпанда өткенін растады, бірақ ол туралы ешқандай мәлімет бермеді.

Сот биыл 19 қаңтарда басталған.

Әбдіхалил Холикзода 2023 жылғы 7 тамызда ұсталған. Артынша осы іс аясында тағы екі адамның қамауға алынғаны мәлім болған. Үшеуіне де араздық туғызды деген айып тағылған.

«Өмірімдегі оқиғалар» кітабы елдегі кітап дүкендерінен алынды.

«Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары білім мен меритократия секілді құндылықтар тез ұмытылды. Ендігі жерде беделі, байлығы мен күші бар адамдардың құрметі арта түсті» деп жазған автор.

XS
SM
MD
LG