Ссылки доступа

Қырғызстанда тіркелген компания АҚШ санкциясына ілінді


Қырғызстанда тіркелген "УКОН" ЖШС АҚШ 23 ақпанда жариялаған жаңа санкциясына ілінді. Бұл компания АҚШ қаржы министрлігінің сайтындағы санкция тізімінде бар.

23 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкция салғанын мәлімдеген. 500-ге жуық шектеу Алексей Навальныйдың өліміне, Украинадағы соғысқа байланысты қабылданды.

Ақпаратқа қарағанда, Вашингтон Ресейге осыған дейін санкцияларды айналып өтуге көмектесіп келе жатқан 100-ге жуық компанияға да шектеулер енгізген.

Қырғызстанның әділет министрлігі мәліметінше, "УКОН" компаниясы 2022 жылдың тамыз айында, Украинада соғыс басталғаннан кейін тіркеуден өткен. Оның құрылтайшысы ретінде Гафар-Заде Мехти Фикрет оглу атты адам белгіленген.

Бұл АҚШ-тың қара тізіміне енген бірінші компания емес. 12 желтоқсанда Вашингтон Бішкекте тіркелген "Вайтмэнн Хандельн Альянс" (Weitmann Handeln Allianz LLC) компаниясына да тыйым салған.

Бұдан бөлек қырғызстандық бес компания Ресейге салынған санкцияларды айналып өтіп, көмектесіп жатыр деген негізде қара тізімге енген.

XS
SM
MD
LG