2023 жылдың 11 тамызында Ташкент қалалық қылмыстық істер бойынша соты Үндістанның Marion Biotech фармацевтикалық компаниясының "Док-1 Макс" жөтелге қарсы шәрбатын ішкеннен кейін қайтыс болған 69 баланың ісін қарауды бастаған.
Бұл іс бойынша 21 адам (16 ер және 5 әйел), оның ішінде Өзбекстанның Фармацевтика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Сардор Кариев және Kuramax Medikal компаниясының директоры Рагневдра Пратар айыпталып жатыр.
Олар салық төлеуден қашу, қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу және беру, сапасыз дәрі-дәректер жасау баптары бойынша айыпталып жатыр.
12 ақпанда соңғы сот отырысында прокурор соттан агенттіктің бұрынғы жетекшісін 18 жылға, дәріні импорттаған Kuramax Medikal компаниясының бұрынғы директорын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардан қаза болған 69 және ауыр зардап шеккен 16 баланың туыстарына 100 миллион сумнан (8 мың АҚШ доллары), сонымен бірге өкпесі жеңіл зардап шеккен 2 балаға 20 миллион сумнан (1600 АҚШ доллары) өндіріп беруді өтінген.