Ссылки доступа

Лукашенко 2025 жылы да сайлауға қатысатынын мәлімдеді


Александр Лукашенко Беларусьта 2025 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын жеткізді. Егер ол қатысса, сегізінші рет "саяси додаға түспек".

Лукашенко жексенбіде сайлау туралы айтып жатып, оппозициянерлер туралы пікірін білдірді.

"Жағдай қаншалық ауыр болса, олар қоғамымызды соншалықты дүрліктіруге тырысады... олар сізді, мені және қоғамды қаншалық дүрліктірсе, мен бұл сайлауға тезірек барам", - деді Лукашенко.

Жексенбіде Беларусьта парламент және жергілікті кеңеске сайлау өтті. Оған Лукашенко саясатын қолдаған партия өкілдері қатысты. Сайлау халықаралық байқаушыларсыз өтті.

Парламенттегі 110 орын үшін 265 үміткер қатысқан.

Литвада жүрген беларусь оппозициясының лидері Светлана Тихановская сайлауға бойкот жариялауға шақырған.

XS
SM
MD
LG