Tribuna.uz басылымының мәліметінше, ФИФА мұндай шешімді 22 ақпанда қабылдаған. Онда "Бунёдкор" клубы Ривалдоға 8,1 миллион еуро, ал Денилсонға 1,1 миллион еуро қарыз екені жазылған. Комитет шешімі Өзбекстан футбол қауымдастығына жолданған.
«Бунёдкор» берешекті 30 күн ішінде өтеуі тиіс. Әйтпесе ФИФА клубқа санкция қолдануы мүмкін.
Ривалдо «Бунёдкор» футбол клубы құрамында 2008-2010 жылдары ойнап, Өзбекстанның үш дүркін чемпионы атанған. Денилсон 2010 жылы осы клуб сапында ел біріншілігін жеңіп алған.
«Бунёдкор» мен бразилиялық футболшылар арасындағы дау 2010 жылдан бері жалғасып келеді.