Ссылки доступа

Ташкент соты "Док-1 Макс" ісі бойынша үкім шығарды


26 ақпанда Ташкент қалалық соты "Док-1 Макс" ісі бойынша үкім шығарды деп хабарлайды Gazeta.uz басылымы.

Сот мәліметінше, Өзбекстанның Фармацевтика агенттігінің бұрынғы жетекшісі Сардор Кариев 18 жыл, оның орынбасарлары Амирхон Азимов пен Нодирбек Мусаев 16 жыл және Quramax компаниясының бұрынғы директоры, Үндістан азаматы 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

12 ақпанда соңғы сот отырысында прокурор соттан агенттіктің бұрынғы жетекшісін 18 жылға, дәріні импорттаған Kuramax Medikal компаниясының бұрынғы директорын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардан қаза болған 69 және ауыр зардап шеккен 16 баланың туыстарына 100 миллион сумнан (8 мың АҚШ доллары), сонымен бірге өкпесі жеңіл зардап шеккен 2 балаға 20 миллион сумнан (1600 АҚШ доллары) өндіріп беруді өтінген.

XS
SM
MD
LG