Ссылки доступа

"Құмтөрдің" 2023 жылдағы табысы 302 млн долларға жеткен


Қырғызстандағы "Кумтор Голд Компани" кәсіпорны былтырғы жылдың қаржылық есебін жариялады.

Оған сәйкес, компанияға 2023 жылы өндірістен жоспарланған 734,2 млн доллардан 849 млн доллар түсім түскен.

"2023 жылы компания 13 тонна 577 келі алтын өндірді. Таза табыс 302,4 млн долларды құрады. Мемлекетке салық ретінде 17 млрд 241 млн 71 мың сом төленді", - делінген мәліметте.

Бұдан бөлек "Кумтор Голд Компани" Ыстықкөл облысын дамытуға 8 млн 389 мың доллар бөлген. Нарын облысын дамыту қорына 5 млн 33 мың доллар аударған. Аймақтарды дамыту қорына 1 млн 597 мың доллар және Табиғатты дамыту қорына 1 млн 542 мың доллар жіберген.

Қосымша компания былтыр оңтайландыру процесінен 30 млн доллар үнемдеген.

2021 жылы Қырғызстан билігі Кұмтөр кеніне сыртқы бақылау орнатқан. Осыған дейін бұл алтын өндіру кенішіне канадалық Centerra Gold компаниясы иелік етіп келген.

XS
SM
MD
LG