БАҚ мәліметінше, сатушылар сауда нүктесін жалға беру ақысын наурыздан бастап 20-30 пайызға қымбаттауына наразы. Сауда орталығының әкімшілігі мұны коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуімен байланыстырып отыр.
Мәліметтерге қарағанда, ереуілге шыққан еңбек мигранттары Қырғызстанның Екатеринбургтегі консулдығы өкілдерімен кездескен. Консулдық өкілдрі сауда орталығы басшылығымен келіссөз жүргізуге уәде берген. Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі әзірге бұл жөнінде ешқандай мәлімет таратпады.
Қырғызстан еңбек министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы ақпандағы жағдай бойынша 651 мың қырғыз азаматы шетелде миграцияда жүр. Олардың басым бөлігі Ресейде жұмыс істейді.