Ссылки доступа

Костенко шахтасында қаза тапқандардың туыстары президенттен марқұмдарға арнап ескерткіш орнатуды сұрады


Қарағандыда Костенко шахтасында қаза тапқандардың туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан марқұмдарға арнап ескерткіш орнатуды сұрады.

Олар бұл өтінішке жергілікті билік бас тартқанын айтады.

"Азаматтарымызды қайтара алмаймыз, алайда олардың ерлікпен болған қазасы ескерткіш ретінде орын алса дейміз. Болашақта балаларымыз, немерелеріміз басына барып, құрметпен еске алса. Біздің өңірде әртүрлі шахтада орнатылған ескерткіштер бар, бірақ шахта жұмысын тоқтатқан кезде олар қараусыз қалып жатыр. Сондықтан ескерткіш жақындарымыз қаза болған жерде емес, кеншілер қаласы Қарағанды орталығында орнатылса дейміз" дейді кеншілердің туыстары.

Ондаған адам Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан мәселеге араласуды сұрады.

Былтыр 28 қазанда Қарағанды облысы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Иван Костенко атындағы шахтасында болған жарылыс 46 адамның өмірін қиды.

Бас прокуратура желтоқсан айында "көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпеді" деген күдікпен шахтаның басшылығы мен инженерлік-техникалық құрамынан жеті адамның ұсталғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG