Ссылки доступа

Тәжікстан Жоғарғы соты Исфарадағы спорт алаңының орнына биік үй салуға рұқсат берді


Тәжікстан Жоғарғы соты Исфара қалалық әкімшілігінің спорт алаңының орнына биік үй салу туралы шешімін қолдады. Сот құрылысқа қарсы тұрғындардың арызын негізсіз деп тапқан.

Исфарадағы Мулдон махалласының тұрғындары орта мектептің спорт алаңында екі көп қабатты үй тұрғызуға қарсы шыққан. Даулы іс сот инстанцияларды бір жылға жуық қаралды. Түпкілікті шешімді Жоғарғы соттың үш судьясы 14 ақпанда қабылдады. Сот даулы жерге көп қабатты үйлер тұрғызуға рұқсат берді.

Жергілікті кәсіпкер Манучехр Валиев 2023 жылғы 1 ақпанда Исфара әкімшілігінен 0,40 гектар жерге екі тұрғын үй тұрғызуға рұқсат алған. Бұл жерде мектептің спорт алаңы орналасқан. Жергілікті тұрғындар қала билігінің шешіміне қарсы шығып, сотқа жүгінген. Алайда Соғды облыстық соты мен Жоғарғы сот олардың арыздарын қанағаттандырмады.

Сот шешімдерінде бұл жер мектепке қарамайтыны, тұрғындар оны уақытша пайдаланып келгені айтылған.

Азаттықтың Тәжік қызметі былтыр осы тақырыпта репортаж дайындаған. Сол кезде оқушылардың ата-аналары биліктен спорт алаңына көп қабатты үй салмауды талап еткен.

Қазір мектеп маңындағы бұл жерде құрылысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG