Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі биыл қажылыққа рұқсатсыз келетін болса, 2-6 айға дейін түрмеге қамалып, 13 мың 330 доллар көлемінде айыппұл төлейді деп ескертті.
Шетел резиденттері қамауға алынғаннан кейін еліне депортоцияланып, 10 жыл көлемінде Сауд Арабиясы аймағына кіруге тыйым салынады.
Осыған дейін де Сауд Арабиясы қажылыққа рұқсатсыз келген адамдарды түреге отырғызып, айыппұл салған. Бірақ осы жолы заң талаптарын одан сайын күшейтті.
Биыл қажылық мерзімі 14 маусымға сәйкес келеді.