Мұндай мәліметті ресейлік "Известия" басылымы келтіріп отыр.
Ондағы мәліметке сәйкес, 2022 жылдан бері ресейлік компаниялардың Сербияда – 9 мың, Біріккен Араб әмірлігінде – 1600, Арменияда – 800 және Қырғызстанда 450 бөлімшесі ашылған. "Финион" компаниясының директоры Вячеслав Картамышевтің мәліметінше, ол бөлімшелер көбінде IT-секторы, логистика және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.
Ресей Украинаға басқыншылық жасағаннан бері Батыс елдері, оның ішінде Еуропалық одақ, Ұлыбритания және АҚШ Ресейге қарсы санкция салған.