Ссылки доступа

Қырғыз премьері: мемлекеттік радиодағы жаңалықтарды цифрлық диктор оқиды


Қырғызстан үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың хабарлауынша, мемлекеттік радиода жаңалықтар оқитын цифрлық дикторларды пайдалана бастады. Бұл туралы ол халықаралық Digital Kyrgyzstan форумында айтты.

Алайда Жапаров нақты қай радиостанцияда осындай диктор жаңалық оқитынын түсіндіріп жатпады. Жасанды интеллектті дамыту мәселесі талқыланған сәтте, премьер-министр 2023 жылы бюджет қаражатына суперкомпьютер сатып алынғанын, ол жасанды интеллектті қырғыз тілінде дамытуға көмектесетінін айтты. Ақылбек Жапаров қырғыз үкіметі қырғызша ChatGPT құру үшін IT-қауымдастықпен бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.

Қырғызстан билігі NVIDIA суперкомпьютерін 2023 жылғы қаңтарда сатып алған. Мәліметтерге қарағанда, қуатты компьютер бір секундта 1 квадриллион операция орындайды.

XS
SM
MD
LG