Ссылки доступа

Contact ақша аудару жүйесі Тәжікстанда жұмысын тоқтатты

Contact ақша аудару жүйесі Тәжікстанда жұмыс істеуді доғарды. Бұл туралы елдің Ұлттық банкі хабарлады.

Тәжік еңбек мигранттары осы жүйенің көмегімен ақша аударатын, бірақ қазір жолданған ақшаны алуда қиындықтар туындаған.

Тәжікстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, 22 ақпанда Ресей Орталық банкі Qiwi лицензиясын қайтарып алған, соған байланысты осы банктің сервистерінің бірі – Contact ақша аудару жүйесі жұмысы істеуді доғарған.

Ресей Орталық банкі шешімімен, «Contact төлем жүйесінің қызметі бүкіл әлемде, соның ішінде Тәжікстанда да тоқтады».

Тәжікстан Ұлттық банкі еңбек мигранттары жолдаған, бірақ әлі түспей қалған ақшаны қайтару үшін Contact жүйесі басшыларымен байланыс орнатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG