Ссылки доступа

Душанбеде бір отбасының алты мүшесі ыстан уланып өлді


Душанбеде ыстан уланып өлген адамдарды жерлеу рәсімі.
Душанбеде ыстан уланып өлген адамдарды жерлеу рәсімі.

Тәжікстан астанасында бір отбасының алты мүшесі ыстан уланып өлді. Қайғылы оқиға 27 ақпанда Душанбенің Фирдауси ауданында болды.

Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің хабарлауынша, бір отбасының алты мүшесі – ата-ана мен төрт бала ыстан уланып қалған.

Мәліметтерге қарағанда, қайғылы оқиға түнде болған, бірақ көршілер алты адамның өлгенін ертесіне түске таман білген. Ыстан уланған адамдардың бәрі ауруханаға жеткізілген, бірақ тым кеш болған.

Марқұмдарды сәрсенбі күні жерледі.

Жылда қыс уақытында Тәжікстанның түрлі өңірлерінде ыстан уланғандар туралы мәлімет жиі жарияланады.

Кейінгі бірнеше күн бойы Тәжікстанда электр жарығы жиі сөніп қалып жатыр. Биыл Душанбе қаласында да электр энергиясы жиі сөнетін болған. Сол себепті астана тұрғындары үйді ескі әдіспен жылытуға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG