Ссылки доступа

Өзбекстанда үндістандық бір студент өкпе қабынуынан қайтыс болды

Үндістандық студент Навас Насмел
Үндістандық студент Навас Насмел

28 ақпанда Бұхара мемлекеттік медициналық институтында үндістандық студент қайтыс болды. Бұл туралы білім мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, оқиға таңертең сағат тоғыздар шамасында болған. Жатақханада екінші курс студентінің ыстығы көтерілген. Жас жігіт ыстық түсіретін дәрі ішкен, бірақ оның көмегі болмаған. Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізген. Оған медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, студент ауруханада қайтыс болған.

Университет басшылығы Үндістан елшілігі мен студенттің туыстарына хабар берді.

Дәрігерлер үндістандық студенттің өкпесі қабынғанын айтты. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG