Жергілікті ақпарат құралдарына берген сұхбатында шенеунік жоба уақытша тоқтатылды деген мәліметті жоққа шығарды.
Асман қаласы құрылысының іргетасын президент Садыр Жапаров 2023 жылғы жазда қалаған. Мемлекет басшысының айтуынша, қала құрылысының мақсаты – туризмді дамыту, елдің инвестициялық мүмкіндігін арттыру.
Асман қаласы 4 мың гектар жерде бой көтереді. Жаңа қала 500-700 мың тұрғынға арналған. Ол Ыстықкөлдің сол жағалауларында салынады. Билік Асман құрылысына 7-10 жыл кетеді деп болжап отыр. Мәліметтерге қарағанда, жаңа қала құрылысына 20 млрд доллар жұмсалады.