Ссылки доступа

Бішкек соты 24.kg қызметкерлеріне редакция кеңсесіне оралуға рұқсат бермеді


Бішкек қалалық соты 24.kg ақпарат агенттігінің қызметкерлеріне редакцияның мөрмен тыйым салынған кеңсесіне кіруге рұқсат бермеді. Бұл туралы агенттік журналистері хабарлады.

Басылым мәліметінше, қалалық сот 29 ақпанда 1-май аудандық сотының қаулысын күшінде қалдырған, кеңсеге кіруге де рұқсат бермеген.

24.kg мүддесін қорғайтын адвокат Нұрбек Сыдықовтың айтуынша, қылмыстық-процессуалдық кодексте мөрлеп жабу жөнінде әрекет қарастырылмаған. Оның айтуынша, кеңсені тінту кезінде оның ішіндегі заттардың бәрін алып кеткен, бұған қоса редакция қызметіне тыйым салынбаған. Адвокат журналистерді кеңсеге кіруге тыйым салу редакция жұмысын қиындатып отыр.

Бұның алдында медиақауымдастық ҰҚМК басшысы Қамшыбек Тәшиевке қайрылып, 24.kg қызметкерлерін кеңсеге жіберуге рұқсат беруді сұраған.

Ақпарат агенттігі редакциясының кеңсесі 15 қаңтарда мөрмен жабылған. Сол күні арнайы қызметтегілер онда тінту жүргізген. Бұған қоса агенттік басшылары тергелген.

Кейін ҰҚМК кеңседегі құжаттар мен техникалар «соғысты насихаттау» туралы қылмыстық іс аясында жүргізілгенін хабарлаған. Әзірге қылмыстық істің басқа да жай-жапсары белгісіз.

XS
SM
MD
LG