Тәжікстанның солтүстігіндегі ірі қалаларда жылыту жүйесіне қатысты жоба басталмай жатып жабылған. Оның украин компаниялары дайындап, жобаға инвестиция құйғысы келген. Бірақ 2022 жылы басталуы тиіс жоба Украинадағы әскери қимылдарға байланысты іске аспай қалған.
Украин инвесторлары Зафарабад ауданында су айдау станциясын жөндеуге 60 млн доллар инвестиция салғысы келген. Алайда ол жоба да соғысқа байланысты жүзеге аспады.
Соғды облысының шенеуніктері мен аймақтағы ірі қалалардың тұрғындары Украинада соғыстың тезірек аяқталып, украин мамандары өңірдегі жылыту жүйесіне қатысты жобаны жүзеге асырады деп үміттеніп отыр.