Ссылки доступа

Тәжік оппозициясы Душанбені ҰҚШҰ-дан шығу мәселесін қарауға шақырды


ҰҚШЫҰ жаттығуына қатысқан тәжік жауынгерлері.
ҰҚШЫҰ жаттығуына қатысқан тәжік жауынгерлері.

Өзін шетелдегі тәжік оппозициясының одағы деп таныстыратын Тәжікстан ұлттық альянсы Арменияның Ресей қолдайтын ұйымнан шығу туралы шешімін құп көрді.

Оппозициялық ұйым Тәжікстан үкіметін Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымына, сонымен бірге Ресей ықпалындағы басқа да ұйымдарға мүшелік мәселесін қайта қарауға шақырды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын мәлімдеген.

Тәжік оппозиия Армения билігінің бұл шешімін «тәуелсіз мемлекетке тән әрекет» деп бағалаған.

Тәжікстан ұлттық альянсы 2018 жылы Варшавада құрылған. Оған төрт оппозициялық ұйым кірген.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы Совет одағы құлағаннан ейін әскери ұйым ретінде құрылды. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей кірген. Әзербайжан мен Грузия ұйым құрамынан шығып кеткен.

Сарапшылар оны Ресей бақылауындағы ұйым, негізінен Мәскеу мүддесі үшін әрекет етеді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG