Соның салдарынан ғимараттың бірінші қабатына екі бетон тақта опырылып түсіп, кем дегенде бір адам қаза болды, жараланған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің мәліметінше, оқиға 1 наурызда сағат 08:57-де Бұхара қаласында екі қабатты ғимаратта орналасқан автобөлшектер дүкенінде болған.
«Газдың жарылу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Жарылыстан соң өрт шықпаған» деп хабарлады министрлік.
Тергеу жүріп жатыр.