Ссылки доступа

Абзал Достияровтың әйелі: Күйеуімді полиция ұстап, ұрып-соқты


Абзал Достияров
Абзал Достияров

1 наурызда таңертең белсенді Абзал Достияров қызын балабақшаға апарған кезде ұсталып, Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Белсендінің әйелі Дана Сәрсенбайдың сөзінше, полиция бөлімінде күйеуі "соққыға жығылған". Ол мұны Достияров тікелей эфирге шыққан кезде көрген.

– Оған “мені алып кетіп бара жатыр” деп айтуға да мүмкіндік бермеген. Он шақты кісі қолынан қайырып, балабақшадан алып кеткен. Тікелей эфир кезінде он шақты адамның оны қоршап алғаны көрінеді. Әуезов аудандық полиция бөлімінде болған оқиға. “Маған шақырту қағазын беріңдер, қандай негізде ұстадыңдар” десе көрсетпейді. Қолдары қанаған, – дейді Дана Сәрсенбай.

Тікелей эфирде Достияров өзіне полиция қызметкерлерінің күш қолданғанын, не үшін ұстағанын түсіндермегенін айтады.

Достияров "мені күштеп әкелді, ұрып-соқты. Қолымның бәрі қан. Полиция қызметкерінің қолы да қан..." деген кезде эфир үзіледі. Оның телефонын тартып алғанға ұқсайды.

Бұған дейін Абзал Достияров Қонаев қаласында соты өтіп жатқан журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сотынан ақпарат таратқан.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді. 1 наурызда Азаттық Әуезов аудандық полиция басқармасына хабарласқан кезде өзін майор Мықтыбаев деп таныстырған адам басшылыққа хабарласуды өтінді. Алайда ол берген телефон нөмірі сөндірулі тұрды.

XS
SM
MD
LG