Ссылки доступа

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті


Алакөлде күн атты. Көрнекі сурет
Алакөлде күн атты. Көрнекі сурет

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшті. Елдің батыс өңірлері: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, сонымен бірге Қызылорда облысы осы белдеу уақытымен жүреді.

Ал 1 наурызда түнде республикалық маңызға ие Астана, Алматы және Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркіменстан және Ұлытау облыстары осы белдеуге ауысты.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сағат ауыстырмады, өйткені бұл өңірлер UTC+5 сағат белдеуімен жүреді.

Қазақстан бірыңғай сағат белдеуіне көшетіні былтыр желтоқсанның басында мәлім болған. Сол кезде үкімет қарар жобасын халық талқылауына шығарған.

Қазақстандықтардың кейбірі, әсіресе Шығыс Қазақстан тұрғындары мұндай шешімге қарсы шыққан.

Соған қарамастан үкімет 19 қаңтарда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы құжатты бекітті.

Мамандар Қазақстан төрт уақыт белдеуінде (UTC+3, UTC+4, UTC+5, UTC+6) орналасқанын айтып отыр.

2005 жылға дейін Қазақстан жылда жазғы уақытқа көшіп келген.

XS
SM
MD
LG