Ссылки доступа

«Наурыздағы карнавалға дайындық». Тәжік студенттерін тағы шеруге тартып жатыр


Подготовка студентов к празднованию Навруза в Душанбе
Подготовка студентов к празднованию Навруза в Душанбе

Душанбелік студенттер бір аптадан бері Тәуелсіздік саябағында Наурызға арналған мерекелік шараға дайындалып жүр.

Қоғам биліктің оқу жүріп жатқан уақытта жастарды мерекелік шараларға тартқанын қаламайды. Студенттерді күннің суықтығына, қар мен жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан, мерекелік шараға дайындыққа апарып жүр.

Шараны ұйымдастырушылар Азаттық журналистерін дайындық барысын түсіруге рұқсат бермеді. Алайда тілшілер екі студенттің пікірін сұрап үлгерді.

Бұған қоса, Азаттықтың Тәжік қызметінің журналистері бір студентке жедел жәрдем шақыртылғанының куәсі болды. Дәрігерлер бригадасы дайындық кезінде өзін жайсыз сезінген жас жігітті ауруханаға алып кетті.

«Шеруге дайындалып жатқанымызға бір апта болды. Сағат сегізден он екіге дейін. Түстен кейін басқа оқу орындарының студенттері шығады. Дайындық 20 наурызға дейін созылады. Қазір күн суық, бірақ біз осында келуге мәжбүрміз, өйткені дайындыққа шыққандарға стипендия төлеуге уәде берді» дейді студенттердің бірі.

«Дайындыққа келушілерді қолдайды. 300 сомони стипендия береді. Күніне үш мәрте тегін тамақтандырады. Бұл уақытта жатақханада тегін тұруға болады. Бәрі мемлекет есебінен. Дайындыққа шыққандар сабақтан босатылады» дейді тағы бір студент.

Жақында білім министрі Рахим Саидзода мұндай дайындықтар сабақтан тыс уақытта өткізіледі деп мәлімдеген.

«Наурыз халықаралық мерекеге айналғанын тәжік халқы қуана қарсы алды. Министрлік студенттерді сабақтан тыс дайындыққа шығару жөнінде шешім қабылдады. Ол сабаққа кедергі келтірмеуі керек. Осындай шаралар өткізген уақытта ұлттық рух жоғары болуы тиіс» дейді министр.

Тәжік билігі 2020 жылғы наурызда әлем коронавирус індетімен күресіп жатқан уақытта да көпшілік шеру ұйымдастырудан бас тартпаған.

Таджикских студентов опять привлекают к "маршировкам"?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

XS
SM
MD
LG