Ұйымның жаңа баяндамасында Тәжікстан 100 ұпайдан бас болғаны бес ұпай жинағаны жазылған. Freedom House «Әлемдегі еркіндік – 2024» деп аталатын жаңа баяндамасын 29 ақпанда жариялады.
«Тәжікстанда 2023 жылы еркіндік деңгейі екі ұпайға төмендеді. Оған памир аз ұлтын алалау, пікір айту еркіндігін басу себеп болды» дейді ұйымның Таяу Шығыс және Солтүстік Африка жөніндегі сарапшы-зерттеушісі Кэтрин Грот.
Тәжікстанның ресми өкілдері әзірге ұйым баяндамасына қатысты мәлімдеме таратпады, бірақ жергілікті билік былтыр құқық қорғау ұйымдарын мәселені біржақты қарайды деп сынаған.
Freedom House зерттеуінде тәжік билігінің Таулы Бадахшан автономиялы облысында 2022 жылы ереуілге шыққандарды күшпен таратқаны, ондаған адамды ұстағаны, солардың ішінде кем дегенде сегіз журналист пен блогерді соттағаны, азаматтық еркіндікке қысым күннен күнге күшейіп бара жатқаны баяндалған.
2023 жылғы тамызда билік жарты жылда Таулы Бадахшанда бес қоғамдық ұйым қызметіне тыйым салынғанын растап, ол ұйымдардың «қылмыстық топтармен байланысы бар» деп мәлімдеген.